«Астана» премьер-лига көшін бастады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Астана» премьер-лига көшін бастады (видео)
Фото ©️ vk.com

Ел премьер-лигасының ХХІV турындағы «Астана» мен «Атырау» ойыны кейінге 28 қазанға шегерілген болатын. Жаңа ғана «Астана Арена» стадионында өткен ойында елордалық клуб қарсыластарынан басым түсіп, премьер-лига көшін бастады.

БӨЛІСУ

Станимир Стойлов шәкірттері өз алаңында «Атырауды» 4:1 есебімен ұтты. 13 минутта Рохер Каньяс бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, есеп ашты. Араға 10 минут сала клуб қорғаушысы Абзал Бейсебеков есепті еселеді. 29 минутта «Атырау» сапынан Владимир Аржанов есепті қысқартты.

Екінші таймда да «Астана» қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ. 73 минутта Танат Нөсербаев есепті еселесе, кездесудің қосымша уақытында Джуниор Кабананга есепті 4:1-ге жеткізді. Нәтижесінде елордалық клуб 40 ұпаймен премьер-лига көшін бастады. Алматылық «Қайрат» «Астанадан» 1 ұпайға қалып келеді.

Турнир кестесі


  Командалар                         Ойын             Жеңіс            Тең ойын        Жеңіліс        Голдар     Ұпай 
1 "Астана" 30 18 7 5 53-26 40
2 "Қайрат" 30 18 7 5 55-19 39
3  "Ақтөбе" 30 15 9 6 35-21 32
4  "Ордабасы" 30 12 10 8 32-28 29
5 "Ертіс" 30 10 10 10 37-37 25
6  "Атырау" 30 9 12 9 29-33 21


7-12 орындар


 Командалар                         Ойын          Жеңіс          Тең ойын          Жеңіліс        Голдар       Ұпай 
1 "Тобыл" 30 11 6 13 31-40 27
2  "Оқжетпес" 30 11 6 13 35-40 26
3  "Тараз" 30 10 7 13 24-29 25
4  "Шахтер" 30 8 5 17 24-46 20
5  "Жетісу" 30 6 6 18 24-45 16
6  "Қайсар" 30 4 11 15 18-33 15


Айта кетейік, ел премьер-лигасы екі турдан кейін мәресіне жетеді. «Қайрат» соңғы екі турда сырт алаңда «Ақтөбе» мен өз алаңында «Ордабасыға» қарсы ойнайды. Ал «Астана» болса «Ертіс» пен «Ақтөбеге» қарсы екі ойынын да «Астана Аренада» өткізеді.