Пакьяо Мейвезермен қайта жұдырықтасуы мүмкін

Пакьяо Мейвезермен қайта жұдырықтасуы мүмкін

Сегіз салмақ дәрежесінде бокстан экс-чемпион 36 жастағы филиппин Мэнни Пакьяо 38 жастағы Флойд Мейвезермен қайта жұдырықтасу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Келесі қарсыластың кім болатынын әзірше білмеймін, бірақ біз Флойд Мейвезермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Пакьяо. 

Айта кетейік, осыған дейін Пакьяоның рингке келесі жылдың көктемінде оралатыны белгілі болған еді және бұл жекпе-жек оның мансап жолындағы соңғы кездесуі болатыны айтылған. Мейвезер болса қыркүйектегі жекпе-жегінен кейін мансабын аяқтаған, алайда таяуда оның рингке қайта оралатыны, тіпті 2016 жылдың мамырында жұдырықтасатыны жайлы мәлімет тарады. 

Еске салайық, филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезерден мамыр айында жеңіліп қалған еді. Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар қаржы табыс тапты.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова