Флойд Мейвезер боксқа оралуы мүмкін – БАҚ

Флойд Мейвезер боксқа оралуы мүмкін – БАҚ
Фото: tn.kz

Флойд Мейвезер келер жылы рингке оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

9 сәуірде Лас-Вегаста MGM AEG аренасы ашылады. Ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл аренада алғаш болып кіші Мейвезер өнер көрсетеді. Ақпан айында 39 жасқа келетін боксшының бұл мансабындағы 50-ші кездесуі болмақ.

Еске сала кетейік, Флойд Мейвезер 13 қыркүйекте Андре Бертоны жеңген еді. Лас-Вегаста өткен жекпе-жектен кейін ол мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

М. Бисембаева