Оралдық самбошылар Ресейде екі медаль ұтып алды

Оралдық самбошылар Ресейде екі медаль ұтып алды
Фото: kerch.biz, semey.city,

Батысқазақстандық спортшылар Ерболат Байбатыров пен Нұрбол Серіков Мәскеу қаласында самбодан алты мәрте әлем чемпионы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Асламбек Аслахановтың жүлдесі үшін өткен әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа 15 елдің самбошылары қатысты. Ерболат 57 келі салмақта күміс жүлдегер атанса, Нұрбол 68 келіде үшінші орынға көтерілді.

Ерболат Байбатыров қазіргі кезде 12-16 қараша күндері Марокконың Касабланка өтетін самбодан әлем біріншілігіне дайындалуда.

Айта кетейік, Берік Жұмағалиев пен Райымбек Меңдіғалиев жаттықтыратын Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ерболат Байбатыров осыған дейін төрт мәрте әлем чемпионы атанған болатын.

Дереккөз: nur.kz

Е. Жұмабайұлы