Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрбол Нұрмаханұлы Корреспондент
Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатының финалына шықты
Фото ©️ wrestlingua.com

Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Катардың Дохасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты.

БӨЛІСУ

69 келіге дейінгі категориядағы жартылай финалда Елеусінов Әзірбайжан боксшысы Парвиз Багировпен жұдырықтасты. Қазақстан құрамасының капитаны барлық үш раунд бойынша жекпе-жекті бақылауда ұстап, лайықты түрде жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы енді марокколық Мохаммад Рабиимен алтын медальға таласады. Айта кетейік, екі боксшы да олимпиадалық лицензия ұтып алды.

Қазақстандық тағы бір боксшы Иван Дычко жартылай финалда өзбек спортшысы Баходир Джадаловпен кездесті. Бірінші раундта қазақстандық боксшы басым түсті. Келесі раундтарда Дычко жекпе-жекті 2:1 есебімен жеңіске жетті. Әлем чемпионатының финалында қазақстандық боксшы француз Тони Йокамен жұдырықтасады.

Финалдық кездесулер 14-15 қазан күндері өтеді.


Дереккөз: tengrinews