Юрген Клопп «Ливерпульді» жаттықтырады

Юрген Клопп «Ливерпульді» жаттықтырады
Фото: eurocups-uefa.ru

Танымал неміс жаттықтырушысы Юрген Клопп ағылшындық «Ливерпуль» тізгінін ұстады. Бұл туралы мерсисайдтық клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

«Ливерпуль» жаңа маусымды сәтсіз бастады. Нәтижесінде клуб басшылығы Брендан Роджерсті қызметінен ерте босатқан болатын. Енді бұл қызметті Юрген Клопп атқаратын болды. «The Telegraph» басылымының ақпараты бойынша, клуб пен жаттықтырушы үшжылдық келісімшартқа қол қойған. Жылына 7 миллион фунт стерлинг жалақы алатын болады. Нәтижесінде ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы алатын жаттықтырушылардың көшін бастамақ.

Айта кетейік, осыған дейін Юрген Клопп дортмундтық «Боруссияны» жаттықтырған еді.

Ө. Сансызбай