Гоу «Қайраттың» премьер-лигадағы 1000-голын соқты (видео)

Гоу «Қайраттың» премьер-лигадағы 1000-голын соқты (видео)
Фото: massaget.kz

Футболдан ел премьер-лигасының ХХVII тур ойындары мәресіне жетті. Алматының «Қайраты» өз алаңында «Ақтөбені» ұтып, чемпиондық атаққа жақындай түсті.

Владимир Вайсс жаттықтыратын «Қайрат» басты қарсыластарынан 7 ұпайға озды. Өткен турда «Астананы» жеңді. ХХVII турда «Ақтөбені» 2:1 есебімен ұтып, чемпион атануға нықтап қадам жасады. Алматыда өткен ойынның бірінші таймында Исаэль Барбоза мен Жерар Гоудың соққан голдары алаң иелерін алға шығарса, екінші таймда Йоан Андоне шәкірттері ширақ өнер көрсетті. 58 минутта Данило есепті қысқартып, «Қайрат» ойынын алға бастырмады. 69 минутта Юрий Логвиненко алаңнан қуылғаннан кейін де қонақтар шабуылын толастатқан жоқ. Алайда таразы басын теңестіре алмады.

«Ақтөбеге» қарсы ойында «Қайрат» клубының премьер-лига тарихындағы 1000-голы соғылды. Клубтың тарихи голын Жерар Гоу соқты.  

ХХVII турдағы екі ойын сенбі күні өткен болатын. Ал жексенбі күнгі кездесулерде «Қайраттан» өзге  «Тараз», «Қайсар» және «Тобыл» клубтары қарсыластарын жеңіп, 3 ұпайға ие болды.

ХХVII тур қорытындысы:

Сенбі

«Атырау» - «Ордабасы» 1:3

Голдар: Аржанов 16 – Симчевич 30, Юнузович 37,62

«Ертіс» - «Астана» 2:1

Голдар: Н’Диайе 5, Фонсека 32 – Максимович 50

Жексенбі

«Қайрат» - «Ақтөбе» 2:1

Голдар: Исаэль 12, Гоу 15 – Данило 58

Алаңнан қуылды: Логвиненко 69

«Тараз» - «Шахтер» 2:0

Голдар: Азука 13 (пен), Пищур 78

Алаңнан қуылды: Димов 12

«Қайсар» - «Жетісу» 3:1

Голдар: Кляйн 11, Молдақарев 61, Калинин 71 – Тұрысбек 90

«Оқжетпес» - Тобыл» 1:2

Голдар: Тулиев 22 – Шимкович 44,56

Турнир кестесі

Орын                                Клуб Ойын Жеңіс Тең нәтиже Жеңіліс Доптар Ұпайлар
1  "Қайрат" 27 17 6 4 53-18 35
2  "Астана" 26 14 7 5 45-24 28
3  "Ақтөбе" 27 14 8 5 30-16 28
4   "Ертіс" 27 10 10 7 34-30 25
5  "Ордабасы" 27 10 10 7 27-24 23
6  "Атырау" 26 9 10 7 27-27 19
7  "Тобыл" 27 10 5 12 29-38 23
8  "Оқжетпес" 27 10 4 13 33-39 21
9  "Тараз" 27 8 6 13 22-29 18
10  "Жетісу" 27 6 5 16 23-42 15
11  "Шахтер" 27 6 5 16 21-44 14
12  "Қайсар" 27 4 10 13 18-31 14
Ө. Сансызбай