Өмірәлі Нышан паратаеквондодан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Өмірәлі Нышан паратаеквондодан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
Фото: WTF

Түркияның Самсун қаласында паратаеквондадан VI әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстандық Өмірәлі Нышан финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз жартылай финалда жергілікті халық үміт артқан Иылдыз Угурдан басым түсті. Финалда Өмірәліге қарсы әлем рейтингісінде бірінші орында тұрған Әзірбайжан елінің спортшысы Александр Полищук шықты. Бұл текетірес бүкіл жарыстың ең тартысты жекпе-жектерінің біріне айналып, қандасымыз негізгі қарсыластарының біріне жол беріп қойды.

Өмірәлі Нышан соңғы екі жылда өткен әлем біріншілігінде екі рет көзге түсіп отыр. Былтыр қандасымыз дәл осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған болатын. Бұл жолы Өмірәлі күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал өзге 4 спортшы жүлделі орыннан көріне алмады.

Айта кетейік, биыл өткен әлем чемпионатына тұңғыш рет G8 дәрежесі беріліп отыр. Ал осыған дейін бұл спорт түрі 2020 жылы Токиода өтетін Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген болатын. 

О. Сансызбай