Бауыржан Исламхан бақыт құсын қолына қондырды

О Сансызбай Корреспондент
Бауыржан Исламхан бақыт құсын қолына қондырды
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бақыт құсын қолына қондырды. Футболшы қалыңдығының ата-анасы қазақтың салты бойынша ұзату тойын өткізді. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Ел футболының мақтанышына айналған Бауыржан Исламханның жары Еркежан Талғатбекова киелі Тараз өлкесінде дүниеге келген. Осы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филолгия, әдебиеттану және әлем тілдері факультетін қызыл дипломмен тәмамдаған. 2012 жылы ұлттық университеттің ең сұлу арулар сайысына қатысып, вице-мисс атағын иеленген. Сондай-ақ «Нұр-Мұқасан» тобының «Егіз жүрек» композициясында басты рөлді сомдаған.

Айта кетейік, футболшы қалыңдығына Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен «Бордо» кездесуінен кейін сөз салған болатын. Үлкен той футбол маусымы аяқталғаннан кейін 28 қарашаға жоспарланыпты.