«US Open» турнирінің финалында Джокович Федерерді жеңді

«US Open» турнирінің финалында Джокович Федерерді жеңді
Фото: gazeta.ru

Теннистен АҚШ ашық біріншілігі («US Open») мәресіне жетті. Ерлер арасындағы сынның финалында серб Новак Джокович финалда швейцариялық Роджер Федерерді жеңді.

Новак Джокович пен Роджер Федерер арасындағы ойын 3 сағат 20 минутқа созылды. Тартысқа толы болған ойында серб теннисшісі қарсыласынан 6:4, 5:7, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Нәтижесінде Новак Джокович спорттық мансабында «Үлкен дулыға» санатындағы 10-шы чемпиондық атағын иеленді. Сондай-ақ «US Open» турнирінде екінші рет топ жарды.

«US Open» турнирінің финалындағы ойын қос теннисшінің 42-ші кездесуі өзара кездесуі болды. Бүгінгі финалдан кейінгі нәтиже бойынша екі теннисшінің бір-бірін жеңген ойындар саны (21:21) теңесті.

Айта кетейік, «US Open» турнирінің әйелдер арасындағы бәсекесінде италиялық Флавия Пеннетта жеңімпаз атанған болатын. 

Ө. Сансызбай