Артас Сана Рио Олимпиадасы жолдамасына ие болды

Артас Сана Рио Олимпиадасы жолдамасына ие болды
Фото: confederation.kz

Лас-Вегаста күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Доданың соңғы күні еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта белдескен Артас Сана Рио Олимпиадасы жолдамасына ие болды. Өзге балуандар жоғары нәтиже көрсете алмады.

Артас Сана жұбаныш белдесуде болгар елінен келген балуан Вангеловты жеңіп, Олимпиада жолдамасына ие болды. Ал қола медаль үшін өткен белдесуінде моңғол Бехбаяр Эрденебаттан жеңіліп қалды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы еркін күрестен бір-ақ жолдаманы қанағат тұтты. Дәулет Шабанбай мен Нұрлан Бекжанов жұбаныш белдесулерінде жеңіліп, жолдамаларын уыстарынан шығарып алды.

Айта кетейік, осыған дейін Лас-Вегастағы додада Олимпиада жолдамасын грек-рим күресінен Алмат Кебіспаев (59 келі), Досжан Қартықов (75 келі) пен Асхат Ділмұхамедов иеленген еді. 

Ө. Сансызбай