Кіші Мейвезер Головкиннен қорқады - Ларри Мерчант

Кіші Мейвезер Головкиннен қорқады - Ларри Мерчант

Америкалық танымал сарапшы және НВО телеарнасының бұрынғы комментаторы Ларри Мерчант қазіргі заманның үздік боксшысы америкалық кіші Флойд Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкиннен қорқады, сондықтан онымен жұдырықтаспайды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Мен не болып жатқанын мүлде түсінбеймін. Неге ол жекпе-жекті біреулердің көруі тиіс? Берто соңғы алты кездесудің үшеуінде жеңіліп қалды. Оған қарағанда әлдеқайда жақсы қарсыластар бар. Менің ойымша, бокстың парасатты әуесқойлары өздеріне өздері неге деген сұрақты қойып жүр", - деп келтірді TMZ Мерчанттың сөзін.

"Мейвезер үшін қызықтырақ жекпе-жек Головкинмен болады. Бірақ ол Геннадийден қорқады, сондықтан жұдырықтаспайды", - деді Ларри Мерчант.

Айта кетейік, осы сенбіде Лас-Вегаста (АҚШ) кіші Флойд Мейвезер өзінің отандасы Андре Бертомен жұдырықтасады.

Қ. Бүйенбай