Астанада Сейілда Байшақовтың 65 жылдық мерейтойына арналған матч өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Астанада Сейілда Байшақовтың 65 жылдық мерейтойына арналған матч өтеді
Фото ©️ vesti.kz

9 қыркүйек күні сағат 17:00-де Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда КСРО спорт шебері, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, алматылық «Қайраттың» ардагері Сейілда Икрамұлы Байшақовтың 65 жылдық мерейтойына арналған футболдан жолдастық ойын өтеді.

БӨЛІСУ

Бұл күні жасыл алаңда Қазақстан футбол федерациясы мен Лига кеңесінің командасы өзара ойын өткізеді. Федерация командасында жетекшілер мен қызметкерлер ойнаса, Лига кеңесінің командасында Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының жетекшілері алаңға шығады.

Қазақстан футбол федерациясы командасының сапында мерейтойы иесімен қатар, Азамат Айтқожин, Қанат Мұсатаев, Александр Мазманьян, Бағлан Ергешев, Асқар Әбілдаев, Нүркен Мазбаев, Павел Демян, Карлес Марторелл және т.б алаңға шығады.

Ойынды тамашалау барлық жанкүйерлер үшін тегін. Осыған дейін дәл осындай кездесу Алматының орталық стадионында да өткен болатын. 

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар