Қазақстан құрамасы Рейкьявикте Исландиямен тең ойнады

Қазақстан құрамасы Рейкьявикте Исландиямен тең ойнады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Рейкьявикте Исландиямен тең ойнады. Нәтижесінде топтық кезеңдегі екінші ұпайына қол жеткізді.

Исландия құрамасы Қазақстанды бірден қысымға алған жоқ. Маңызды ойында барынша сақ ойнауға тырысуды аңғартқандай болды. Допқа талас көбіне орталық алаңда өрбіді. Юрий Красножан шәкірттері алыс қашықтықтан доп бағыттап, гол соғуға да талпынумен болды. 18 минутта Ұлан Қонысбаев сол қанаттан сытылып шығып, Танат Нөсербаевқа пас асырды. Ұлттық құрама капитаны допты қақпаға әлсіз бағыттап, есеп аша алған жоқ. Араға 10 минут сала алаң иелері қауіпті шабуыл ұйымдастыра білді. Қазақстан құрамасының қорғаушылары бір сәт тосылып қалған сәтте Исландия ойыншылары есеп ашуға аз қалды.

33 минутта Колбейн Сигторссон қорғаушылардан сытылып шығып, Қазақстан құрамасының қақпасына қауіпті соққы бағыттай білді. Шабуылшының шиіре тепкен добын Стас Покатилов қайтара білді.

Бірінші таймда аса жылдам ойын көрсетпеген қос құрама тең тарқасты. Алаң иелері шабуылға жиі иек артқанмен, Қазақстан құрамасы сәтті қорғана білді.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы сапында ойыншы алмасты. Шабуылшы Бауыржан Жолшиевті Александр Меркель алмастырды. Ойыншы ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынына шықты. Шыға сала гол соғуына мүмкіндік болды. Алайда Александр Меркель мүмкіндігін пайдалана алған жоқ.

Ойын аяқталуға аз уақыт қалғанда Гунарссон екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бір ойыншы басымдығына ие болған Юрий Красножан шәкірттері жеңіске жете алмаса да, тең есепті сақтап қала алды.

Ойын статистикасы:

Голдар: 0 — 0
Қақпаға соққы: 12 — 3
Қақпаға дәл соққы: 2 — 1
Сейвтар: 1 — 2
Офсайдтар: 2 — 1
Допқа иелік ету: 55 — 45
Бұрыштама добы: 7 — 0

Исландия — Қазақстан 0:0

Ескертулер: Гудмундссон 20, Гуннарсон 80 — Жолшиев 30, Нөсербаев 40, Сүйімбаев 64, Логвиненко 71, Меркель 74

Алаңнан қуылды: Гуннарсон 89

Исландия: Халльдоурссон, Севарссон, Сигурдссон Р., Арнасон, Скуласон, Бьярнасон, Сигурдссон Г., Бедварссон (Кьяртанссон 85), Гуннарссон, Гудмундссон, Сигторссон

Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смақов, Сүйімбаев, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев, Исламхан, Нөсербаев (Щеткин 76), Жолшиев (Меркель 46)

Бас төреші: Евгений Арановский (Украина)

6 қыркүйек. Рейкьявик. «Лейгардальсведлюр».

Осыған дейін «А» тобында Чехия құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алса, екінші жолдама Исландия құрамасына бұйырды. Ал үшінші орынға ие болған ұжым алдағы екі турда анықталатын болады. Cондай-ақ Исландия құрамасы өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама алды. 

 Орын  Ұлттық құрама   Ойын   Жеңіс Тең нәтиже Жеңіліс Доптар Ұпайлар
1  Исландия 8 6 1 1 15-3 19
2  Чехия 8 5 1 1 16-10 19
3  Түркия 8 3 3 2 11-9 12
4  Нидерланд 8 3 1 4 13-10 10
5  Латвия 8 0 4 4 4-16 4
6  Қазақстан 8 0 2 6 5-16 2

 

Ақпаратты орыс тілінде Vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Шілде айындағы 42 500 теңге қалай беріледі?
Шілде айындағы 42 500 теңге қалай беріледі?
Дятлов асуының құпиясы 60 жылдан кейін ашылды
Дятлов асуының құпиясы 60 жылдан кейін ашылды
Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі
Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?