Қазақстанның Чехия мен Исландияға қарсы ойнайтын құрамы анықталды

Қазақстанның Чехия мен Исландияға қарсы ойнайтын құрамы анықталды
Фото: aktobetimes.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Чехия мен Исландияға қарсы ойнайтын ұлттық құраманың тізімін жариялады.

Бір апта бұрын ұлттық құраманың бапкерлер қосыны кеңейтілген тізімді жариялаған еді. Ол тізімге «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков та бар болатын. Бірақ, футболшы соңғы тізімде болмай шықты. «Астана» ойыншысы осыған дейін де белгісіз себептермен бірнеше рет ұлттық құрама сапында ойнамаған болатын. Сондай-ақ, Александр Меркель командаға бүгін қосылады деп күтілуде.

Қазақстан ұлттық құрамасы құрамы:

Қақпашылар: Сергей Бойченко («Ордабасы»), Стас Покатилов («Актобе»), Андрей Сидельников («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Берік Айтбаев («Атырау»), Елдос Ахметов («Астана»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марк Гурман («Қайрат»), Ермек Қуантаев («Кайрат»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Малый («Ордабасы»), Гафуржан Суюмбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Жолшиев («Астана»), Тимур Досмағамбетов («Тараз»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Ұлан Қонысбаев («Қайрат»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Жамбыл Кукеев («Қайрат»), Александр Меркель («Удинезе»), Самат Смақов («Ертіс»);

Шабуылшылар: Танат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе») және Алексей Щеткин («Астана»). 

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының Чехия құрамасына қарсы ойыны 3 қыркүйек күні Плзеньде, ал Исландия құрамасымен ойын 6 қыркүйек күні Рейкьявик қаласында өтеді.   

Ө. Сансызбай