Австриялық парашютші 30 км биіктіктен секірді

Австриялық парашютші 30 км биіктіктен секірді
Австралиялық парашютші Феликс Баумгартнер жаңа биіктікті бағындырды. "Жаужүрек Феликс" екінші рет стратосфера қабатынан секірді. Ол жерден 29 километр қашықтыққа көтерілген. 
3 минут және 48 секунд еркін құлау кезінде Фелисктің жылдамдығы сағатына 862 километрге жеткен деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС.

Қазір спортшы әлемдік рекорд орнатуға дайындық жасауда. Бұған дейін әлемдік рекорд иесі кеңестік ұшқыш-сынаушы Евгений Андреев болатын. 1962 жылы ол 25 километрден жоғары биіктіктен секірген еді. Алайда, Гиннес рекордтар кітабына американдық ұшқыш Джозеф Киттинджер енді. Американдық рекордшы 1960 жылы 31300 метрлік биіктікті бағындырды. Оның құлау жылдамдығы сағатына 1150 километр болған. Бұл дыбыс жылдамдығымен бірдей дерлік (дыбыс жылдамдығы - шамамен 1200 км/сағ) көрсеткіш.

Ал Феликс Баумгартнер өз кезегінде еркін құлауда дыбыс жылдамдығына жеткен әлемдегі тұңғыш адам болуды армандайды. Тамыз айының соңында ол 37 километрден секіруді жоспарлап отыр.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: wired.com

Ж. FM