Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды
Фото: eurosport.ru

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Монакода өткен салтанатты шарада 48 команда 12 топқа бөлінді.

Плей-офф кезеңінде сырт алаңда соққан голдың арқасында «Қайратты» сүріндірген «Бордо» «В» тобына түсті. Бұл топта ағылшындық «Ливерпуль», ресейлік «Рубин» және Швейцарияның» Сьон» клубы бар. Ал қос ойын нәтижесі бойынша «Астанадан» ұтылған «АПОЭЛ» «К» тобында «Шальке» (Германия), «Спарта» (Чехия) және «Астерас» (Грекия) клубтарымен бірге бақ сынайды.

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойындар 17 қыркүйек күні өтеді.

Жеребе қорытындысы:

«А» тобы: "Аякс" (NED), "Селтик" (SCO), "Фенербахче" (TUR), "Мольде" (NOR);

«В» тобы: "Рубин" (RUS), "Ливерпуль" (ENG), "Бордо" (FRA), "Сьон" (SUI);

«С» тобы: "Боруссия" Дортмунд (GER), ПАОК (GRE), "Краснодар" (RUS), "Габала" (AZE);

«D» тобы: "Наполи" (ITA), "Брюгге" (BEL), "Легия" (POL), "Митьюлланд" (DEN);

«Е» тобы: "Вильяреал" (ESP), "Виктория" (CZE), "Рапид" (AUT), "Динамо" Минск (BLR);

«F» тобы: "Олимпик" (FRA), "Брага" (NED), "Слован" (CZE), "Гронинген" (NED);

«G» тобы: "Днепр" (UKR), "Лацио" (ITA), "Сент-Этьен" (FRA), "Русенборг" (NOR);

«H» тобы: "Спортинг" (POR), "Бешикташ" (TUR), "Локомотив" (RUS), "Скендербеу" (ALB);

«I» тобы: "Базель" (SUI), "Фиорентина" (ITA), "Лех" (POL), "Белененсеш" (POR);

«J» тобы: "Тоттенхэм" (ENG), "Андерлехт" (BEL), "Монако" (FRA), "Карабах" (AZE);

«K» тобы: "Шальке" (GER), АПОЕЛ (CYP), "Спарта" (CZE), "Астерас" (GRE);

«L» тобы: "Атлетик" (ESP), "Алкмаар" (NED), "Аугсбург" (GER), "Партизан" (SRB).  

Ө. Сансызбай