Дзюдодан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

О Сансызбай Корреспондент
Дзюдодан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Фото ©️ vk.com

Бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ендеше әлем жұртшылығы көз тіккен дүбірлі доданы қайдан көруге болады?

БӨЛІСУ

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған доданы «KazSport» арнасы тікелей эфирде толықтай көрсетеді. Ал «Қазақстан» ұлттық арнасы да финалдық кездесулерді көрермендер назарына ұсынады. Сондай-ақ, ippon.tv ғаламтор желісі де жарысты бастан-аяқ тікелей эфирде көрермендерге ұсынатын болады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамыз күні мәресіне жетеді. Дүбірлі додада 2016 жылғы Рио Олимпиадасына лицензиялық ұпайлар таратылады.