Педро «Челсидегі» бірінші ойынында гол соқты (видео)

Педро «Челсидегі» бірінші ойынында гол соқты (видео)
Фото: vk.com

Лондондық «Челси» сапын толықтырған шабуылшы Педро бірінші ойынында-ақ гол соғып көзге түсті. Испандық ойыншы жақында ғана каталондық «Барселонадан» ауысып келген болатын.

«Ақсүйектер» үшінші турда «Вест Бромвичте» қонақта болды. Бірінші болып 20 минутта Педро есеп ашса, араға 10 минут сала Диего Коста нәтижені еселей түсті. 35 минутта Джеймс Моррисон есепті қысқартқанмен, бірінші тайм аяқталар тұста Сесар Аспиликуэта есепті 3:1-ге жеткізді.

Екінші таймда «Челси» капитаны Джон Терри алаңнан қуылып, Жозе Моуринью командасы 10 ойыншымен қалды. 57 минутта Джеймс Моррисон дубль авторы атанды. Алайда ойын соңына дейін қонақтар есептегі басымдығын ұстап қала алды. Нәтижесінде жаңа маусымдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Өзге ойындар қорытындысы:

«Уотфорд» – «Саутгемптон» 0:0

«Эвертон» – «Манчестер Сити» 0:2

Голдар: Коларов (60), Насри (88)

Командалар Тур саны    Жеңіс        Тең        Жеңіліс    Соққан голы   Өткізген голы  Доп айырмасы   Ұпай 
1 Манчестер СитиМанчестер Сити 3 3 0 0 8 0 +8 9
2 ЛестерЛестер 3 2 1 0 7 4 +3 7
3 Манчестер ЮнайтедМанчестер Юнайтед 3 2 1 0 2 0 +2 7
4 Кристал ПэласКристал Пэлас 3 2 0 1 6 4 +2 6
5 ЛиверпульЛиверпуль 2 2 0 0 2 0 +2 6
6 СуонсиСуонси 3 1 2 0 5 3 +2 5
7 ЭвертонЭвертон 3 1 1 1 5 4 +1 4
8 НорвичНорвич 3 1 1 1 5 5 0 4
9 ЧелсиЧелси 3 1 1 1 5 7 -2 4
10 Вест ХэмВест Хэм 3 1 0 2 6 6 0 3
11 УотфордУотфорд 3 0 3 0 2 2 0 3
12 БорнмутБорнмут 3 1 0 2 4 5 -1 3
13 АрсеналАрсенал 2 1 0 1 2 3 -1 3
14 Астон ВиллаАстон Вилла 3 1 0 2 2 3 -1 3
15 СтоукСтоук 3 0 2 1 3 4 -1 2
16 ТоттенхэмТоттенхэм 3 0 2 1 3 4 -1 2
17 НьюкаслНьюкасл 3 0 2 1 2 4 -2 2
18 СаутгемптонСаутгемптон 3 0 2 1 2 5 -3 2
19 СандерлендСандерленд 3 0 1 2 4 8 -4 1
20 Вест БромвичВест Бромвич 3 0 1 2 2 6 -4 1


«Арсенал» мен «Ливерпуль» арасындағы ойын ертең өтеді. 

Ө. Сансызбай