Майкл Джордан супермаркетті сотқа берді

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Майкл Джордан супермаркетті сотқа берді
Фото ©️ rus.delfi.lv

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, алты дүркін NBA чемпионы Майкл Джордан супермаркетті сотқа берді, - деп хабарлады ESPN. Супермаркет спортшыға 8,9 миллион доллар төлеуі керек деп шешілді.

БӨЛІСУ

Супермаркет иелері Майкл Джорданның есімін өздерінің жарнамасында қолданған. Ретейлердің қорғаушылары Джорданға 127 мың доллар беруге дайын екенін айтты. Алайда спортшы бұл сомаға разы болмай, 10 миллион доллар талап етті.

"Соттың шешімімен келісемін. Ешкім біздің рұқсатымызсыз есімімізді пайдаланбауы керек", - деді баскетболшы.

2009 жылы аса танымал емес супермаркет желісі Sports Illustrated журналында жарнама орналастырған. Жарнамада Майкл Джорданның есімі қолданылған.