«Биік-Қазығұрт» «Барселонамен» ойнайды

«Биік-Қазығұрт» «Барселонамен» ойнайды
Фото: scsg.kz

Шымкенттің «Биік-Қазығұрт» әйелдер клубы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Испанияның «Барселона» клубымен ойнайтын болды. Қос ұжым да нәтижелеріне қарай жарысты іріктеу кезеңінсіз бастайды.

«Биік-Қазығұрт» пен «Барселона» арасындағы бірінші ойын 7/8 қазанда Қазақстанда өтсе, қарымта ойын араға бір апта салып Испанияда өтеді.

Айта кетейік, өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында «Биік-Қазығұрт» Германияның «Франкфурт» клубына қос ойын қорытындысы бойынша есе жіберіп алған болатын. 

Ө. Сансызбай