«Ордабасыға» жаңа бапкер тағайындалды

«Ордабасыға» жаңа бапкер тағайындалды
Фото: prosportkz.kz

Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» клубын белгілі қазақстандық бапкер Бахтияр Байсейітов жаттықтыратын болды. Ол осыған дейін де клубты жаттықтырған болатын.

«Ордабасы» клубын осыған дейін Виктор Кумыков жаттықтырып келген еді. Ұжым алғашқы алтылыққа енгенмен, ресейлік маманның ойын жүйесі көптің көңілінен шыға қоймады. Бапкердің алаңдағы тәртіпсіздігі үшін клубқа бірнеше рет қомақты айыппұл да салынды. Осының барлығын ескерген клуб басшылығы кеше Виктор Кумыковты қызметінен босатқан болатын. Бүгін оның орнына Бахтияр Байсейітов тағайындалды.

62 жастағы маман осыған дейін «Ордабасы» клубын жаттықтырған да еді. Сондай-ақ, «Қайрат», «Атырау» клубтарымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасын да жаттықтырған бапкерлердің бірі. Әзірге клуб пен бапкер арасындағы келісімшарт туралы ақпарат жарияланған жоқ.  

Ө. Сансызбай