Қазақстандық мергендер Рио жолдамасын жеңіп алды

Қазақстандық мергендер Рашид Юнусметов пен Владимир Исаченко Әзірбайжанның Габала қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Қос қазақстандық мерген де 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуде финалға жолдама алды. Владимир Исаченко екінші орыннан көрінсе, Рашид Юнусметов бесінші болып финалға өтті. Нәтижесінде қос спортшының нәтижелері Рио жолдамасын иеленулеріне жеткілікті болды.

Айта кетейік, осыған дейін нысана көздеуде Юрий Юрков пен Елизавета Король да Рио жолдамасын иеленген болатын.