«Қайраттың» плей-оффтағы ойынын қазақстандықтар тікелей эфирде көре алады

О Сансызбай Корреспондент
«Қайраттың» плей-оффтағы ойынын қазақстандықтар тікелей эфирде көре алады
Фото ©️ vk.com

Футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан Алматының «Қайрат» клубының екі ойынын да қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады. Ойынды «Қазақстан» ұлттық арнасы көрермендер назарына ұсынатын болады.

БӨЛІСУ

Алғашқы ойын 20 тамызда (21 тамызға қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді. Ал, екінші кездесу Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те өтеді. Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлады ұлттық арна сайты.

Айта кетейік, «Қайрат» Франция елінің клубын қос ойын қорытындысы бойынша жеңсе, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығады. Ал жеңілсе, 230 000 еуро сыйақы алып жарысты аяқтайды.