Боксшы Бейбіт Шүменов IBO рейтингінде 10-шы орынға көтерілді

Боксшы Бейбіт Шүменов IBO рейтингінде 10-шы орынға көтерілді
Фото: shalkarfm.kz

IBO барлық салмақ санатындағы әлемдегі боксшылар рейтингін жаңартты. Қазақстандық боксшылардың да орындары аздап өзгерді деп хабарлады Sports.kz.

Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ рейтингінде 4 жолға көтеріліп, 10-орынға жайғасты. Осы санатта Иса Ақбергенов 35-орынды сақтап қалды.

Қанат Ислам бірінші орташа салмақта ТОП-100-те 69-шы орыннан 72-ші орынға түсті. Жеңіл салмақ санатында Жанат Жақиянов 27-ден 24-ші орынға жылжып, жағдайын жақсартты.

Ж. Өрісбай