«Қайрат» плей-оффта «Бордомен» ойнайды

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» плей-оффта «Бордомен» ойнайды
Фото ©️ vk.com

Футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан Алматының «Қайрат» клубының қарсыласы белгілі болды. Владимир Вайсс шәкірттері топтық кезеңге өту үшін Францияның «Бордо» клубымен күш сынасатын болады.

БӨЛІСУ

«Қайрат» пен «Бордо» арасындағы бірінші ойын 20 тамыз күні Францияда өтсе, қарымта кездесу араға бір апта сала Алматының орталық стадионында өтеді. Ал 28 тамыз күні Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылады.