«Бавария» «Audi Cup 2015» турнирінің финалында «Реалды» ұтты (видео)

«Бавария» «Audi Cup 2015» турнирінің финалында «Реалды» ұтты (видео)
Фото: vk.com

Мюнхенде Еуропаның үздік төрт клуб қатысқан «Audi Cup 2015» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Финалда жергілікті «Бавария» мадридтік «Реалды» ұтты.

Екі күнге жалғасқан жарыстың бірінші ойынында «корольдік клуб» «Тоттенхэмді» екі доп басымдығымен жеңсе, Хосеп Гвардиола шәкірттері «Миланды» 3:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Үшінші орын үшін өткен ойында «Тоттенхэм» миландық клубтан басым түсті. Ал финалдық кездесуде «Бавария» «Реалды» соңғы минутта сан соқтырып кетті. Дуглас Костаның асырған пасын Роберт Левандовский сәтті пайдаланып, жеңіс голын соқты.

Айта кетейік, Мюнхендегі «Альянс-Арена» стадионында өткен ойынды қазақстандықтарға «Хабар» арнасы тікелей эфирде ұсынған болатын. 

Ө. Сансызбай