«Қайрат» «Астананы» жеңісімен құттықтады

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» «Астананы» жеңісімен құттықтады
Фото ©️ vk.com

Алматының «Қайрат» футбол клубы елордалық «Астананы» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығумен құттықтады.

БӨЛІСУ

- Алда астаналық клубты Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі күтіп тұр. «Астанаға» бұл кезеңде сәттілік тілейміз, - деді «Қайрат» клубы ресми сайтында.

Айта кетейік, Владимир Вайсс жаттықтыратын «Қайрат» бүгін Абердинге жетті. Еуропа лигасының үшінші кезеңі аясында 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні жергілікті «Абердинмен» кездесетін болады. Алматыда өткен бірінші ойында 2:1 есебімен қазақстандық клуб жеңіске жеткен болатын.