Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Шымкентте Мұстафа Өзтүрік атындағы таеквондо спорт клубы ашылды

Шымкентте Мұстафа Өзтүрік атындағы таеквондо спорт клубы ашылды

Шымкентте Мұстафа Өзтүрік атындағы таеквондо спорт клубы ашылды

Шымкент қаласында Мұстафа Өзтүрік атындағы таеквондо спорт клубы ашылды. Бұл даңқты спортшы атындағы еліміздегі үшінші спорт клуб. Осыған дейін Алматы мен Астана қалаларында да ашылған болатын.

Қазақ топырағына таэквондо спортын ала келген, алты алаштың айбынына айналған айбоз ұлы – Мұстафа Өзтүрік атындағы спорт клубтарының ашылуына Қазақстан таеквондо федерациясы мен «KaspiBank» мұрындық болып келеді. Қазір бұл бағдарлама бойынша «Mustafa - Astana» мен «Mustafa - Almaty» спорт клубтары жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта Мұстафа Өзтүрік атындағы спорт клубтарын еліміздің өзге қалаларында да ашу жоспарда бар екен.  

Мұстафа Өзтүрік атындағы таеквонда клубының үшінші болып Шымкентте ашылуының да себебі жоқ емес. Бүгінде Оңтүстік Қазақстанның әкімшілік орталығы халық саны бойынша елдегі екінші, ал алып жатқан жер көлемі бойынша ең үлкен шаһар болып есептеледі. Шымкент - Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Сондай-ақ, бұл өңірдің таеквондо мектебінің саңлақтары республикалық маңызы бар жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр.

- Шымкенттегі спорт клубына келіп, осы спорт түрімен айналысам деушілерге есік айқара ашық. Қазір клубта 6 мен 33 жас аралығындағы 20-дан астам адам жаттығады. Оқу таеквондоның барлық бағдарламасы бойынша жүргізіледі, - деп хабарлады ҚТФ баспасөз қызметі.

Фото: ҚТФ
Қосылған күні: 05 тамыз 2015, 20:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.