Қазақстандықтар «Audi Cup 2015» футбол додасын тікелей эфирде тамашалай алады

Қазақстандықтар «Audi Cup 2015» футбол додасын тікелей эфирде тамашалай алады
Фото: weltfussball.de

Бүгін футболдан Мюнхенде «Audi Cup 2015» халықаралық футбол турнирі басталады. Қазақстандық спортсүйер қауым дода аясындағы ойындарды «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалай алатын болады.

Төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Audi Cup» турниріне Еуропаның үздік төрт үздік клубы бақ сынайтын болады. Атап айтар болсақ, мадридтік «Реал», лондондық «Тоттенхэм», мюнхендік «Бавария» және «Милан» қатысады. Барлық ойындар Мюнхендегі «Альянс-Арена» стадионында өтеді.

Кездесулер кестесі:

4 тамыз. Футбол. «Audi cup». 22.15 - 00:20. Реал Мадрид - Тоттенхэм. Тікелей эфир
4 тамыз. Футбол. «Audi cup». 00:45 - 03:45. Бавария - Милан. Тікелей эфир
5 тамыз. Футбол. «Audi cup». 22.15 - 00:20. Үшінші орын ойыны. Тікелей эфир
5 тамыз. Футбол. «Audi cup». 00:45 - 03:45. Финал. Тікелей эфир

Ө. Сансызбай