Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Ұлттық құрамаға «Астана» мен «Қайраттың» негізгі құрам ойыншылары шақыртылмады

Ұлттық құрамаға «Астана» мен «Қайраттың» негізгі құрам ойыншылары шақыртылмады

Ұлттық құрамаға «Астана» мен «Қайраттың» негізгі құрам ойыншылары шақыртылмады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 7-11 тамыз аралығындағы оқу-жаттығу жиындарына «Астана» мен «Қайраттың» негізгі құрам ойыншыларын шақырмады. Ұлттық құрамадағы қос клубтың белді ойыншылары еурокубок жолындағы ойындарда ел намысын қорғайтын болады.

Алдағы оқу-жаттығу жиындарына жас ойыншылар шақырту алып отыр. Талғарда өтетін дайындық кезінде құрама тактикалық тұрғыда дайындалады. Юрий Красножан еурокубок ойынына қатысып жатқан екі клубтың ойыншыларын шақырмауды жөн санаған.

- Елордалық «Астана» мен алматылық «Қайраттың» еурокубоктағы маңызды ойындары ескерілді. Олардың Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу мүмкіндіктері бар. Сол себепті негізгі құрамда ойнап жүрген ойыншылар шақырылмады. Оқу-жаттығу жиынына жас футболшылар шақырылды. Олар Қазақстан ұлттық құрамасы жаттықтырушылар штабының талабына дағдылануы тиіс, - деп түсіндірді футболданұлттық құраманың бас бапкері Юрий Красножан.

Шақырту алған футболшылар тізімі:

Қақпашылар: Бойченко С. ("Ордабасы"), Покатилов С. ("Ақтөбе"), Сидельников А. ("Ордабасы")

Қорғаушылар: Әділханов Т. ("Жетісу"), Малый С. ("Ордабасы"), Айтбаев Б. ("Атырау"), Аслан Р. ("Тобыл"), Логвиненко Ю. ("Ақтөбе"), Рудосельский Т. ("Қайрат"), Сартаков Г. ("Ертіс"), Сүйімбаев Г. ("Ордабасы"), Чичулин А. ("Атырау"), Шайхов Б. ("Ертіс")

Жартылай қорғаушылар: Әйімбетов А. ("Ақтөбе"), Дарабаев А. ("Қайрат"), Досмағамбетов Т. ("Тараз"), Жалмұқан Д. ("Ақтөбе"), Жұмаханов С. ("Тараз"), Қуат И. ("Қайрат"), Көкеев Ж. ("Қайрат"), Мұртазаев Р. ("Шахтер"), Сариев Р. ("Ордабасы"), Смақов С. ("Ертіс"), Тағыберген А. ("Ақтөбе")

Шабуылшылар: Жаңғылышбай Т. ("Қайрат"), Гридин С. ("Оқжетпес"), Хижниченко С. ("Ақтөбе")

Қосалқы құрам: Қожамберді Ж. ("Астана"), Тұңғышбаев Е. ("Ордабасы"), Щеткин А. ("Астана")

Айта кетейік, 28 тамыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы тағы да Талғарда жиналады. Ал, 4 қыркүйек күні Прагада 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Чехия құрамасымен ойнайды.

Фото: kff.kz
Қосылған күні: 04 тамыз 2015, 19:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.