Баландинге жүлде бұйырмады

Баландинге жүлде бұйырмады
Фото: vk.com

Су спортынан Қазанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде төртінші орын алды. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында медаль жоқ.

Қазақстандық жанкүйерлер Дмитрий Баландиннен жүлде күткен болатын. Алайда отандасымыз 100 метр қашықтықты 59,42 секундта бағындырды. Нәтижесінде төртінші орынға тұрақтады. Алтын медальды британиялық Адам Пити (58,52 с) иеленсе, күміс медаль оңтүстікафрикалық Кэмэрон ван дер Бургтің (58,59 с) еншісінде кетті. Үздік үштікті тағы бір британиялық спортшы Росс Мердок (59,09 с) қорытындылады.

Айта кетейік, Қазандағы әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады. Жарысқа әлемнің 190 елінен 2400-ге жуық спортшы қатысуда.  

Ө. Сансызбай