Қазақстандық делегация ХОК комиссиясы алдында Алматыны таныстырды (видео)

Қазақстандық делегация ХОК комиссиясы алдында Алматыны таныстырды (видео)

Бүгін қазақстандық спортшылар мен бір топ делегаттар Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) комиссиясының алдында Алматы қаласының доданы өткізу мүмкіндігін таныстырды. Спорт кешендері мен орталықтарының дайындығы мен артықшылықтарын алға тартты.

Таныстыру кезеңінің сәтті өткенін қазақстандық спортшылар әлеуметтік желілердегі парақшаларында жазуда. Алматыдан кейін Пекиннен келген делегация да Олимпиада орталықтарын таныстырды. Көп сарапшылар Қазақстанның таныстырылымы сәтті шыққаны туралы айтуда. ХОК өз шешімін Астана уақытымен сағат 15:00-де хабарлайтын болады. Дауыс беру кезеңіне ХОК-тың 85 мүшесі қатысады. 700-ге жуық журналист бақылайды. Оның 64-і – қазақстандық тілшілер. Шараны әлемнің 110 елінің көрермендері тамашалайтын болады. Ал қорытындысын ХОК президенті Томас Бахтың өзі жариялайды.

Астана уақытымен сағат 15:00-де Алматыдағы Абай алаңында тікелей көрсетілім ұйымдастырылады.  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
SpaceX тағы 57 жер серігін ұшырды
SpaceX тағы 57 жер серігін ұшырды
Азамат ӘЛІБЕК: Уақыт қана күбірлеп үстелде отыр"
Азамат ӘЛІБЕК: Уақыт қана күбірлеп үстелде отыр"
Эскимостар туралы қызықты деректер
Эскимостар туралы қызықты деректер