Қызылордада таеквондодан ҚР IV жазғы Спартакиадасы мәресіне жетті

Қызылордада таеквондодан ҚР IV жазғы Спартакиадасы мәресіне жетті
Фото: http://confederation.kz/

Қызылорда қаласында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған таеквондодан (WTF) Қазақстан Республикасының ІV жазғы Спартакиадасы мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыс жас таланттардың көзге түсуіне де себепкер болды.

ҚР IV жазғы Спартакиадасы жас таланттардың ерекше өнерімен ерекшеленді. 5 бірдей Қазақстан ұлттық құрамасының саңлақтары сүрініп, алғашқы айналымдарда жарыс жолынан шығып қалды. Сарапшылардың пікірінше, бұл керемет - жетістік. Өйткені, ұлттық құраманың болашағы – жас талантты таеквондошылар. Енді ғана танылып келе жатқан жастар - жоғарғы деңгейде өткен жарыстың көрігін қыздыра білді.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы қаласының спортшылары жеңіп алды. Олар жарыста 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде еншіледі. Екінші орынға 4 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдемен Қызылорда өңірінің спортшылары ие болса, үштікті Атырау облысының (4 алтын, 2 қола) спортшылары қорытындылады.

Жарысты жақын күндері «KazSport» арнасы көрермендерге ұсынатын болады. 

Ө. Сансызбай