Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеуін өз алаңынан бастайды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеуін өз алаңынан бастайды
Фото: timeskz.kz

Кеше футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «Е» тобына түскен болатын. Бүгін іріктеу кезеңінің күнтізбесі белгілі болды.

Юрий Красножан жаттықтыратын Қазақстан құрамасы «мундиаль» іріктеуін өз алаңынан бастайды. Бірінші ойын Польша құрамасына қарсы өтеді. Осыған дейін қос құрама үш рет өзара кездескен. Үшеуінде де поляктар басым болған еді.

Қазақстан құрамасының күнтізбесі:

4 қыркүйек (2016) - Қазақстан – Польша
8 қазан (2016) - Черногория – Қазақстан
11 қазан (2016) - Қазақстан – Румыния
11 қараша (2016) - Дания – Қазақстан
26 наурыз (2017) - Армения – Қазақстан
10 маусым (2017) - Қазақстан – Дания
1 қыркүйек (2017) - Қазақстан – Черногория
4 қыркүйек (2017) - Польша – Қазақстан
5 қазан (2017) - Румыния – Қазақстан
8 қазан (2017) - Қазақстан - Армения 

Ө. Сансызбай