Манчестер Юнайтед бапкері ауруханада

Манчестер Юнайтед бапкері ауруханада

Manchester United футбол клубының бас бапкері Сэр Алекс Фергюсон жақында мұрнынан қатты қан кетуінен Глазгодағы ауруханалардың біріне жатқызылды. 

The Sun-ның хабарлауынша, Алекс Фергюсонға өткен аптада 7 күн ішінде 7 рет ұшақпен ұшуға тура келген. "Бәріміз жас алдында әлсізбіз, солай емес пе? - дейді Фергюсон. - Осыншама рет ұшу аздап орынсыз болған секілді. 7 күнде 7 рейс - бұл тым артық. Мүмкін бұл сенің саяхатымды тоқтатудың белгісі де болған шығар?"

Фергюсон денсаулығы қаншалықты жарамды болса, соншалықты "Манчестер Юнайтед"-тің бас бапкері лауазымында отыратынын әрқашан да айтатын. 

"Менің денсаулыққа қатысты проблемаларым  жүрекпен байланысты емес", - дейді МЮ бапкері. 

Айта кетсек, ағылшын клубының бас бапкері ағылшын футболының басты олжасын әлі де Олд Траффорд-қа қайтарғысы келетінін мәлімдеді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: bettingexpert.com

Ж. FM