Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Шахмат 2018 жылғы қысқы Олимпиада бағдарламасына енді

Шахмат 2018 жылғы қысқы Олимпиада бағдарламасына енді

Шахмат 2018 жылғы қысқы Олимпиада бағдарламасына енді

2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына шахмат көрнекі спорт түрі ретінде енді. Бұл туралы FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) басшысы Кирсан Илюмжинов мәлімдеді.

- Біз Пхенчхандағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Мун Сун Чемен келіссөздер жүргіздік. Кездесу қорытындысы бойынша шахмат ойыны Олимпиадада көрнекі спорт түрі ретінде өтеді. Жарыстар командалық және жекелей сында ұйымдастырылады деп жоспарланған, - деді FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) басшысы.

Шахмат – ақыл-ой спорты. Бұл спорт түрінің тарихының өзі ертеден басталады. Бүгінде шахматтың дамуы мен ілгері өрлеуі үшін талай жобалар қолға алынуда. Соның бірі – бұл спорт түрін қысқы Олимпиада ойындарына қосу болатын. Бір қарағанда, шахмат пен қысқы Олимпиада ойындарына енетін спорт түрлерінің арасында ешқандай байланыс жоқ. Тіпті, арасы жер мен көктей. Десе де Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Халықаралық Олимпиада федерациясынан шахматты қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына ресми түрде қосуын өтініп отыр.

Шахмет Олимпиада бағдарламасына ресми түрде енген жоқ. Тек көрнекі спорт түрі ретінде ғана ұйымдастырылмақ. Пхенчхандағы Олимпиададан кейін FIDE президенті шахматтың ресми түрде олимпиадалық ойын болатынына сеніммен қарайды.

- Шахматтың қысқы спорт түрлеріне енуіне кедергі болып тұрған бір-ақ мәселе бар. Ол - сонау 1970 жылдардағы қысқы Олимпиаданың ережесі. Онда «қысқы Олимпиадаға қар мен мұзда ойналатын спорт түрлері ғана енеді» деп жазылған. Шамасы сол ережені өзгертетін кез жеткен секілді, - дейді Кирсан Илюмжинов.

2018 жылғы Пхенчхандағы ақ Олимпиадада шахматтан жекелей және командалық жүйеде жеңімпаздар анықталатын болады. 2015 жылдың қыркүйек айында FIDE-нің бас ассамблеясында Олимпиадаға қанша команда қатысатыны шешіледі.

Айта кетейік, маусым айының басында 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына сноубордтағы биг-эйр, конькимен жүгіру спортындағы масс-стар, керлингтегі дабл-микст пен тау шаңғы спортындағы командалық жарыстар қосылғаны туралы айтылған еді.

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 17 шілде 2015, 18:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.