Қазақстандық футболшы Бразилия клубы "Ботафагода" ойнамақ

Жұлдыз FM Корреспондент
Қазақстандық футболшы Бразилия клубы "Ботафагода" ойнамақ

"Оле Бразил" футбол академиясының шәкірті, қазақстандық жас футболшы Рауан Сариев Рио-де-Жанейроның "Ботафаго" клубының ойыншысы атанды.

БӨЛІСУ
Өткен жылы Қазақстан футбол тарихында Бразилияның футбол клубымен келісім-шартқа отырған тұңғыш футболшы Сариев "Ботафаго" U-20 "Пантера" командасы сапында дайындықты бастап кетті. "Атлетико Минейродан" жақсы тәжірибе алдым, мен тіпті Бразилия футболына да дағдыландым. Енді "Ботафаго" сапында өнер көрсетіп, соққан голдарыммен көрермендерді көбірек қуантқым келеді", - дейді Рауан. 
"Ботафаго" - Бразилия елінің мықты футбол клубтарының бірі. Ол екі дүркін Бразилия чемпионы, Рио-де Жанейро штатының бірнеше дүркін чемпионы, сонымен қатар КОНМЕБОЛ кубогының жеңімпазы. 
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: prosportkz.kz