«Ақтөбе» бас бапкерсіз қалды

«Ақтөбе» бас бапкерсіз қалды
Фото: sputnik-georgia.ru

Футболдан «Ақтөбе» клубының бас бапкері Владимир Газзаев команданың Еуропа лигасындағы сәтсіздігінен кейін өз еркімен қызметінен кетті. Ресейлік маман 2014 жылы клуб тізгінін ұстаған болатын.

Владимир Газзаев жаттықтырған клуб ішкі біріншілікте сәтті өнер көрсеткенмен, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сүрінді. Ақтөбелік клуб айқын фаворит саналған кездесуде «Нымме Кальюдың» шоқтығы биік болды. Нәтижесінде бас бапкер қызметінен кетуге шешім қабылдап отыр.

35 жастағы ресейлік маман «Ақтөбе» клубымен ел чемпионатының күміс жүлдесі мен ел кубогының финалына дейін шыққан. Одан өзге ірі жетістіктерге қол жеткізе алған жоқ. 

Айта кетейік, бүгін «Ақтөбе» ел премьер-лигасының ХХ тур ойындары аясында «Ертісте» қонақта ойын өткізеді.

Ө. Сансызбай