Жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Фото: tn.kz

Бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық Теренс Кроуфорд күтпеген мәлімдеме жасады, ол орта салмақта WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tofight.ru. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Айта кетейік, таяуда бұл боксшылардың арасын төрт салмақ категориясы бөліп тұрған еді. Жеңіл салмақтан супержеңіл салмаққа өткен Кроуфорд салмақ дәрежелерін жақындата түсті. Америкалық боксшы қазақстандықпен бірінші орта салмақта жұдырықтасуға дайын (69,9 келі).

"Егер Головкин Андре Уордпен жұдырықтасуға шықса, мен онымен рингті бөлісер едім. Біз мұны 154 фунтта жүзеге асыра аламыз", - деп мәлімдеді Кроуфорд.

Теренс рингке күзде оралады. 27 жастағы боксшы 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, оның 18-інде рингтен ерте кетті. 

 
М. Бисембаева