«Дэвис кубогында» ел намысын қорғайтын теннисшілер анықталды

«Дэвис кубогында» ел намысын қорғайтын теннисшілер анықталды
Фото: ktf.kz

Теннистен құрамалар арасындағы ірі жарыстардың бірі - «Дэвис кубогында» ел намысын қорғайтын теннисшілер белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев ширек финалда Австралиямен өтетін ойынға Михаил Кукушкин (59), Александр Недовесов (129), Андрей Голубев (135) және Дмитрий Попконы (407) шақыртып отыр. Ал «жасыл құрлық» елінің намысын Ник Кирьос (29), Сэмюэль Грот (69), Танаси Коккинакис (71) және Ллейтон Хьюитт (118) қорғайтын болады.

Австралия мен Қазақстан арасындағы ширек финалдағы кездесу 17-19 шілде аралығында Дарвинде (Австралия) өтетін болады.

Ө. Сансызбай