Месси Аргентина құрамасы сапынан кетуі мүмкін

Месси Аргентина құрамасы сапынан кетуі мүмкін
Фото: www.ruscur.ru

Аргентина ұлттық құрамасы мен каталондық "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құрама сапынан кетуі мүмкін. Бұл France Football жазды.

Бұған себеп, 2014 жылғы Әлем чемпионатындағы және 2015 жылғы Америка кубогындағы финалдық ойындарда жеңілгеннен кейін, ұлттық құрама жанкүйерлерінің Месиидің отбасына деген қысымы себеп болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Америка кубогы жолындағы ойынның финалында Аргентина құрамасы Чилиге пенальтиден жол беріп қойды. Аргентина сапынан гол салған жалғыз ойыншы осы Лионель Месси болатын. Қорытынды есеп - 4-1.

B. ZHAQSYMBET