Зарина Диас Мария Шарапованы жеңе алмады

Зарина Диас Мария Шарапованы жеңе алмады
Фото: khabar.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас «Уимблдон» додасының 1/8 финалында ресейлік Мария Шарапованы жеңе алмады. Отандасымыз екі сетте де 6:4, 6:4 нәтижелерімен қарсыласына есе жіберіп алды.

Бұл кездесуде ресейлік теннисшінің фаворит екені айқын еді. Бірінші сетте Мария Заринадан басым екенін дәлелдей білсе, екінші сетте отандасымыз өз басымдығын сақтап қала алмады. Зарина екінші сетте 3:1 есебімен алда тұрып, соңынан есе жіберіп алды. 1 сағат 37 минутқа созылған кездесу қорытындысы бойынша Мария Шарапова жарысты жалғастырады.

Айта кетейік, Зарина Диас 1/8 финалға дейін италиялық Флавио Пенеттаны, Беларусь теннисшісі Александра Соснович пен неміс теннисшісі Андреа Петковичті жеңген еді. 

Ө. Сансызбай