Зарина Диас «Уимблдонда» Мария Шараповамен кездеседі

Зарина Диас «Уимблдонда» Мария Шараповамен кездеседі
Фото: vk.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас «Үлкен дулыға» санатына жататын «Уимблдон» додасының төртінші кезеңіне өтті. Отандасымыз 1/8 финалда ресейлік танымал теннисші Мария Шараповамен кездесетін болады.

Қазақстандық теннисші «Уимблдонның» бірінші кезеңінде Италия елінің теннисшісі Флавия Пеннеттаны жеңген болатын. Екінші кезеңде отандасымызға Беларусь елінің теннисшісі Александра Сосновичтен басым түсті. Ал кеше отандасымыз неміс теннисшісі Андреа Петковичті жеңді. Осыған дейін екі теннисші екі рет кортта кездескен. Бір рет Зарина жеңсе, бір рет Андреа басым түскен-ді.

Зарина Диас 1/16 финалда Андреа Петковичті бірінші сетте 7:5 есебімен, екінші сетті 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 54 минутқа созылды. 1/8 финалда ресейлік Мария Шараповамен кездеседі. Екі теннисші осы жылы «Australian Open» турнирінде кездесіп, ресейлік теннисші басым түскен болатын.

Кездесу статистикасы

Зарина Диас пен Мария Шарапова арасындағы кездесу 6 шілде күні өтеді. Жерлесімізге сәттілік тілейміз! 

Ө. Сансызбай