Зарина Диас «Уимблдонның» үшінші кезеңіне өтті

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диас «Уимблдонның» үшінші кезеңіне өтті
Фото ©️ tennisforum.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» жарысының үшінші кезеңіне өтті. Отандасымыз екінші айналымда Беларусь елінің теннисшісі Александра Сосновичті жеңді.

БӨЛІСУ

Зарина Диас бірінші кезеңде Италия елінің теннисшісі Флавия Пеннеттаны жеңген болатын. Екінші кезеңде отандасымызға Беларусь елінің теннисшісі Александра Соснович қарсылас атанды. Бірінші сетте Зарина Александраны 7:5 есебімен жеңіп шықса, екінші сетті 6:1 есебімен аяқтады. Бес рет эйс орындап, бір соққысында ғана екі рет қатарынан қателесті.

Кезесу статистикасы

Қазақстандық теннисші енді 1/16 финалда Андреа Петкович (Германия) - Мариана Дуке-Марино (Колумбия) арасындағы кездесуде жеңіске жеткен теннисшімен кездеседі.

Айта кетейік, «Уимблдонның» екінші кезеңіне қазақстандық Юлия Путинцева да өткен болатын. Ол 1/16 финалға шығу үшін америкалық Винус Уильямспен кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ал Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин және Александр Недовесов жекелей сындағы жарыстарын аяқтап үлгерді.