«Қазақстан барысын» қай арна көрсетеді?

«Қазақстан барысын» қай арна көрсетеді?
Фото: sportinfo.kz

4 шілдеде Астанадағы «Сарыарқа» велотрег кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің 2015 жылғы жеңімпазы анықталады. Қазақстандықтар барлық белдесулерді тікелей эфирде «КazSport» арнасынан тамашалай алатын болады.

Дүбірлі доданы «KAZsport» телеарнасы 4 шілде күні 12:50-ден бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты хабарлап отыр. Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері «Қазақстан» ұлттық телеарнасында 17:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, 2015 жылғы «Қазақстан барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясы 20 жылдығы мен Конституцияның 20 жылдығына арналып отыр. 4 шілде күні өтетін шешуші кезеңде боз кілемдегі балуандар белдесуінен өзге мерекелерге орай театрландырылған қойылымдар қойылады. Сонымен қатар, танымал тұлғаларды да қонақ ретінде шақырмақ. Жиналған жанкүйерлер арасында ұтысқа автокөлік ойнатылатын болады. 

Ө. Сансызбай