«Қайрат» Еуропаның клубтар рейтингінде көш бастады

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» Еуропаның клубтар рейтингінде көш бастады
Фото ©️ kairat-futsal.kz

Шағын футболдан Алматының «Қайрат» клубы Еуропа клубтар рейтингінде көш бастады. Қазақстандық ұжым бірінші орыннан алғаш рет көрініп отыр.

БӨЛІСУ

«Қайрат» Еуропаның клубтар рейтингінде 64 167 ұпай жинаған. Нәтижесінде көш бастап, келер маусымда УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алып отыр. Ал екінші орынға Испанияның «Интер Мовистар» клубы орналасқан. Олардың еншісінде 29 666 ұпай бар. Үштікті тағы бір қазақстандық клуб «Тұлпар» қорытындылап тұр. Қарағандылық клуб та 28 500 ұпаймен келер маусымда УЕФА кубогына қатысатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Қайрат» УЕФА кубогын олжалаған болатын. Португалияның Лиссабон қаласында өткен жарыста алматылықтар жартылай финалда Ресейдің «Динасын» ұтса, финалда Испанияның «Барселонасынан» басым түскен еді. Клубтың ендігі мақсаты – клубтар арасындағы әлем чемпионатында өз атағын абыроймен қорғау.