Роналду мен Месси 2015 жылғы ESPY сыйлығынан үмітті

Роналду мен Месси 2015 жылғы ESPY сыйлығынан үмітті
Фото: eurosport.ru

2015 жылғы ESPY марапатынан үмітті танымал спортшылардың есімдері белгілі болды. Олардың қатарында әйгілі Криштиану Роналду мен Лионель Месси де бар.

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду мен каталондық «Барселона» көшбасшысы Лионель Месси 2015 жылғы ESPY марапатына басты үміткерлер саналуда. Әлемнің үздік екі ойыншысынан бөлек бұл атаққа үміткерлер қатарында теннисші Новак Джокович, «Формула-1» спортының майталманы Льюис Хэмилтон және гольфшы Лидия Ко бар. Марапат иегері 15 шілде күні анықталатын болады.

Айта кетейік, ESPY – ESPN телеарналар жүйесі ұйымдастыратын бір жылда үздік табыстарға қол жеткізген спортшыға берілетін марапат. 

Ө. Сансызбай