«Қайрат» Алматыда «Астананы» ұтты (видео)

«Қайрат» Алматыда «Астананы» ұтты (видео)
Фото: fckairat.kz

Футболдан ел премьер-лигасының ХVIІІ тур ойындары мәресіне жетті. Екі күнге созылған турдың басты кездесуінде Алматының «Қайраты» өз алаңында «Астанадан» басым түсті.

Владимир Вайсс шәкірттері «Астананы» өз тарихында алғаш рет жеңді. Ойынды қонақтар сәтті бастағанмен, бірінші тайм аяқталар тұста Исаэль есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Екінші таймда таразы басын теңестіруге ұмтылған елордалық клубтың шабуылынан нәтиже шықпады. 52 минутта Бауыржан Исламхан 11 метрлік айып соққысын дәл орындап, есепті 2:0-ге жеткізді. Ойын соңына дейін осы есеп сақталып қалды.

«Қайрат» осыған дейін «Астананы» жеңе алмай келген болатын. Жеті ойынның бесеуінде елордалық клуб жеңсе, екі кездесу тең аяқталған.

XVIII тур қорытындысы бойынша жеңілістің ащы дәмін татпаған «Ақтөбе» 38 ұпаймен көш бастап келеді. «Астананы» ұтқан «Қайрат» екінші орынға көтерілсе, Станимир Стойлов командасы үшінші орынға сырғыды.


XVIII турдың нәтижелері:

27 маусым

«Қайсар» (Қызылорда) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:1

Голдар: Нұрғалиев пенальти (56) – Йосип Кнежевич (59)

«Жетісу» (Талдықорған) – «Ақтөбе» 1:1

Голдар: Деспотович (66) – Жалмұқан (90+2)

28 маусым

«Тобыл» (Қостанай) – «Тараз» 3:0

Голдар: Юрин (12,40), Зенькович (21)

«Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды) 3:1

Голдар: Н’Диайе (33, 47), Чернышев (53) - Мұртазаев (29) 

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Атырау» 2:2

Голдар: Бөлешов (53), Роткович (73) - Григорьев (37), Иванович (90+4)

«Қайрат» (Алматы) – «Астана» 2:0

Голдар: Исаэль (45), Исламхан пенальтиден (52)

Ө. Сансызбай