Испаниялық жаттықтырушылар қазақ балаларына шеберлік сабағын өткізді

Испаниялық жаттықтырушылар қазақ балаларына шеберлік сабағын өткізді
Фото: ffk_official

24 маусым күні «Астана Арена» спорт кешенінде Испания жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары «Астана» футбол орталығының 2005 жылғы тәрбиеленушілеріне шеберлік сабағын өткізді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Испаниялық мамандар астаналық жас футболшыларға бірқатар жаттығуларды көрсетті. Сонымен қатар, жұмыс әдістемесін бөлісті.

Шеберлік сабағынан кейін жасөспірім футболшылар мен испаниялық жаттықтырушылар суретке түсті.

- Жақсы әсер алдық. Барлығы көңілді өтті, - дейді Испания жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Сантьяго Дения. - Біз балалармен жұмыс істеу арқылы өзімізге де жаңа тәжірибе алдық. Біздің мақсат жаттығуларды еркін түрде жеткізу болды. Қазақстандық футболшылардың ішінде дарынды балалар бар. Алайда, олар жаттығуды жалғастырып, бапкерлерін тыңдауы тиіс.

Шеберлік сабағынан фотосуреттер:

Н. Айдархан